Башқұртстан Ресей-Қазақстан форумына арналған аса ірі ураманы жасауға кірісіп кетті.
Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумында халық бір алаңда жеген урама саны бойынша рекорд орнату жоспарда бар. Красноусол аспаздары, БР Аспаздар, рестораторлар және мейманхана басшылары қауымдастығының мүшелері Зифа Топычканова, Дина Платонова және Минзаля Исхакова өлшемі мен салмағы қонақтарды таңғалдыратын ұлттық тәтті тағамды жасай бастады.
Урама – башқұрт, татар және өзбек асханасынан орын алған, қамырды жұқа етіп жайып, орап, қуырып пісіретін тағам. Дәстүрлі урама кез келген мерекелік дастарқанға сән береді.
Шебер әйелдер әрқайсысының салмағы 75-100 грамм болатын 2100 орама жасауға тиіс. Аса ауқымды композиция құру үшін оның дәмді бөліктерін бір апта бойы дайындау қажет.
Былтыр «Золотой курай» ЖШҰ Ресей-Беларусь саммитінде қызмет етіп, әлемдегі ең үлкен ураманы ұсынған
Фотосуретті «Золотой курай» ЖШҰ директоры Гульшат Урманшина ұсынды.
– Ол үшін біз 500 литр өсімдік майын, 120 кг ұн және 2500 жұмыртқа дайындап қойдық. Азық-түлік алғаннан бөлек, әр өнімге жанымыздың бір бөлшегі мен башқұрт қонақжайлығын қосамыз, – деді «Золотой курай» ЖШҰ директоры Гульшат Урманшина.
Мерекелік урама композициясы Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы алаңында Башқұртстан Республикасы туының түстерінде жасалады. Оның биіктігі 2,5 метр құраса, салмағы 200 келіден асады. Тағамнан қалаған кісілердің бәрі дәм тата алады.
Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.
Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.