Жаңалықтар

«Ресей – Қазақстан» форумында ең үздік этносән үлгілері көрсетіледі

Алда Уфада өтетін Ресей-қазақ форумындағы ең жарқын оқиғалардың бірі "Қыс құшағында" деп аталатын сән көрсетілімі болады. Бағдарламада ұлттық және заманға сай стильдегі балалар, ерлер және әйелдер киімі топтамаларындағы киімдер болады. Көрермен назарына Ресей және Қазақстан дизайнерлерінің этника негізінде жасалған жұмыстары ұсынылады. Қазақстан атынан Айдархан Қалиев, Айжан Бекқұлова, Руслан Молдабаев және Қарлығаш Қосбаева қатысады.

Қарлығаш Қосбаева форумға қатысушыларға қазақ халқына тән ұлттық нақыштағы заманауи образдардан құралған неофольклор стиліндегі «Степь» коллекциясын таныстырады. Топтамада табиғат, жануарлар әлемі және қазақ даласының алуан түрлі бояулары үйлескен.

Фотосуретті Қарлығаш Қосбаева ұсынды

– Мен үшін Ресей-қазақ форумына қатысу – Ресейдегі әріптестеріммен тәжірибе бөлісіп, өзара білім алмасудың бірегей мүмкіндігі, – дейді Қарлығаш.
. – Мұндай іс-шаралар кәсіби мамандардың басын қосып, жаңа байланыс орнатуға және ең бастысы, дизайн саласын дамытуға және жаңа дүниелер жасауға шабыт береді. Башқұрт және қазақ халықтарының мәдени құндылықтары мен салт-дәстүрінде жақын тұстар көп екені күмән тудырмайды. Біздің салт-санамыз, тіліміз, тарихи жадымыз және мәдениетке деген сүйіспеншілігіміз ұқсас. Бұл мәдени бірлік бір-бірімізді жақсы түсінуге және ұлттар арасында терең әрі жылы қарым-қатынас құруға көмектеседі. Мен табиғаттан, адамдардың қуаты мен өмірлік оқиғаларынан және мәдени мұралардан шабыт аламын. Бұл сезім менің музыкам мен қолымнан шыққан авторлық киімдерде көрініс табады. Әр элемент – мәдениетіміздің көркемдігі мен тереңдігін беруге деген талпыныс.

Фото: Роман Пестов.

Ресей атынан Сочиден келген Роман Пестов пен Мәскеуден келген Алина Воронова қатысады. Республикамыздың атынан «Агидель» БКК МУК, «Салават» және «Сарби» ательелерінің топтамалары, сонымен қатар «Минзифа» брендінің киім үлгілері көрсетіледі.

Фото: «Агидель» БКК МУК. Сән көрсетілімі 27 қарашада «Торатау» Конгресс-холында өтеді.

Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.

Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.
2024-11-18 14:43