Өңіраралық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау жаңа жобаларға жол ашуға мүмкіндік береді – Қазақстанның Ресейдегі елшісі
Уфада өтетін мерейтойлық өңіраралық ынтымақтастық форумында тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметі деңгейінде қол қоятын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасы жаңа жобаларға жол ашуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы жедел және уәкілетті елшісі Дәурен Абаев ТАСС баспасөз конференциясында осындай мәлімдеме жасады.
– Бұл құжатты іске асыру жоспары ауқымды, ол 10 бағытты қамтиды. Егер бәрі дайын болса, біз Уфада осы құжатқа қол қоямыз. Бұл бізге жаңа жобаларға жол ашуға мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деді Дәурен Абаев.
РФ экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач мерейтойлық форум өнеркәсіптік кооперация жобаларын қолдауға, екі елдің тәжірибесі мен құзыретін есепке ала отырып жаңа кооперациялар құруға арналатынын атап өтті.
– Біздің өндіруші компаниялар Қазақстан мен Ресей өңірлері өнеркәсіптік кооперацияны дамыту үшін жасап жатқан қолдау шараларын, мүмкіндіктерді өздері үшін тиімді форматта үйлестіруге мүдделі, – деді Вольвач.
Ресей экономикалық мекемесінің өкілі кооперациялық өнеркәсіп жобаларын субсидиялаудың еуразиялық механизмін жасау туралы айтты.
– Біз ең алдымен тиімділік пен тәжірибе жүзіндегі нәтижеге баса мән береміз. Форум бизнес-кездесулер, келіссөздер жүргізу және келісімшарт жасау үшін аса маңызды тәжірибелік алаң болады деп үміттенеміз, – деп түйіндеді Вольвач.
Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.
Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.
Толық ақпарат алда болатын Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайтында: https://russia-and-kazakhstan-forum.com/
Мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://reg.russia-and-kazakhstan-forum.com/person