Башқұртстанның жоғарғы оқу орындарында Қазақстаннан келген 700-ге жуық студент білім алып жатыр.
Қазақстан мен Башқұртстан екі өңір арасындағы Жол картасы аясындағы шараларды қоса алғанда, білім саласындағы ынтымақтастығын кеңейтіп, тереңдете түсуді жалғастырып жатыр. Республикалардағы білім беретін мекемелер арасында ғылыми, білім, мәдени ынтымақтастық жөнінде 80-дей келісім жасалды. Сонымен қатар қос тарап алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру туралы келісімдерге қол қойды.
– Біз Қазақстанмен арадағы мәдени, гуманитарлық, әлеуметтік және оқыту бағдарламаларын дамытып жатырмыз. Біздің республика жоғарғы оқу орындары рейтингінде кәдімгідей алдыңғы деңгейде тұр, ішінде Қазақстан экономикасы үшін маңызды мамандықтар бар. Әлемдік деңгейдегі Еуразиялық ғылыми-білім беру орталығының қызметі аясында екі өңірден жиналған студенттердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды ынтымақтастықтың маңызды межесі ретінде көреміз. Қазір Қазақстаннан келген 700-ден астам студент бізде оқып, білім алып жатыр. Бұл маңызды сегмент және мұнда ынтымақтастық керек деп санаймын, – деді Башқұртстан басшысы Радий Хабиров.
Фото: УММТУ баспасөз қызметі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 2022 жылдан бері Уфа мұнай техникалық университетінің өкілдігі жұмыс істейді, екі дипломды және желілік оқыту, академиялық мобильділік бағдарламалары бар. Жалпы Башқұрт мұнай жоғарғы оқу орны Қазақстанда 10 жоғарғы оқу орнымен әріптестік байланыста, ынтымақтастық туралы 28 келісімшарт жасалған. УММТУ-да 235 қазақстандық қыз-жігіт жоғары білім алып жатыр.
Фото: УММТУ баспасөз қызметі
БММУ-де Қазақстаннан келген 19 маман, 4 магистр, 13 ординатор және бір студент медицина саласының қыр-сырын меңгеріп жатыр. Қазақстан студенттері БММУ Халықаралық студенттер мектебінде оқиды, екі елдің медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында академиялық мобильділік бағдарламасы іске асуда.
Фото: БММУ баспасөз қызметі
М.Акмулла атындағы Башқұрт педагогикалық университеті Қазақстан Республикасының 18 жоғарғы оқу орнымен серіктестік қатынасын дамытып келеді. Уфада ҚР-дан келген 85 студент педагог мамандығын оқиды. Өңірлер академиялық мобильділік саласында анағұрлым жемісті еңбек етуде. Соңғы 3 жылда бұл бағдарламадан 100 Қазақстан өкілі және Акмулла университетінің білім алушылар, жас ғалымдар және профессорлар-оқытушылар құрамы қатарынан шыққан 30-дан аса өкілі өтті.
Фото: БММУ баспасөз қызметі
Башқұртстан мен Қазақстанның агрария саласындағы ынтымақтастығы кадр дайындау және білім беру бағдарламалары аясында студент алмасуды да қамтиды. Башқұрт аграрлық университетінде бауырлас елден келген 23 адам оқиды. БМАУ Қазақстанның 12 оқу мекемесімен келісім жасаған. 2024 жылы оқу орны Ақтөбе техника-технологиялық колледжімен, Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғарғы аграрлық-техникалық колледжімен және Алматы технологиялық университетімен ғылым және білім беру саласында өзара қарым-қатынас құру туралы келісімге қол қойды.
Фото: УҒТУ баспасөз қызметі
Уфа ғылым және технология университеті Қазақстан Республикасының озық жоғарғы оқу орындарымен ғылым және білім саласында ынтымақтастық туралы 22 келсімшарт жасады, серіктес жоғарғы оқу орындарымен қосарлы диплом беру бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Соның ішінде (Алматы қ. Азаматтық авиация академиясымен) сұраныс жоғары "Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын техникалық пайдалану" бағыты бар. Академияның алты студенті Уфа университетінде біліктілігін арттырды. Жалпы ҰҒТУ-да Қазақстан Республикасынан келген 180 студент оқып жатыр.
Фото: УҒТУ баспасөз қызметі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы желілік университетінің шеңберінде Уфа университеті Л.Н. Гумилев атындағы (Астана қ-сы) Еуразия ұлттық университетімен «Филология» және «Физика» бағыттары бойынша тығыз байланыста. Астанада былтыр квота бойынша Башқұртстаннан барған бес болашақ филолог оқыды.
Фото: УҒТУ баспасөз қызметі
Сонымен қатар Башқұртстан басшысы бөлген гранттардың арқасында 2023-2024 жылдары УҒТУ-дың 34 жас ғалымы техникалық, гуманитарлық және қолданбалы ғылым бағыттары бойынша Еуразия ұлттық университетінде тағылымдамадан өтті. Бұл уфалықтардың кәсіби біліктілігін арттырып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әдіснамалық және теориялық дайындықтан өтуіне көмектесті.
Фото: УҒТУ баспасөз қызметі
26-27 қарашада Уфада өтетін Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумында екі елдің білім және ғылым салаларын әрі қарай дамыту мәселесі көтеріледі. Дайындалып жатқан бастамалар мен бағдарламалардың бәрі бауырлас халықтар арасындағы ұзақ мерзімді қатынас пен өзара түсіністік маңызды екенін растайды.
Форум болатын күндері қашықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы "Филология ғылымдары: жағдайы, болашағы, зерттеудегі жаңа парадигмалар" деп аталатын VII Халықаралық ғылыми конференция жоспарланған. Іс-шараға Уфа университеттері ғана емес, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, ОАР және басқа мемлекеттерден жиналған жас ғалымдар, аспиранттар, магистранттар, студенттер және PhD докторанттар қатысады. Вебинарда Еуразия мәдени кеңістігіндегі орыс тілінің, полилингвальді білім берудің, ана тілін және шетел тілін оқудағы цифрлық технологиялардың, ұлттық әдебиеттегі мәдени кодтардың және ұлттық синтездің рөлін талқылау жоспарда бар. Конференция материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағын шығару жоспарланды.

Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.
Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.
Толық ақпарат алда болатын Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайтында: https://russia-and-kazakhstan-forum.com/
Мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://reg.russia-and-kazakhstan-forum.com/person