Жаңалықтар

НЕФАЗ, КАМАЗ және АвтоВАЗ – Ресей мен Қазақстанның XX форумындағы техника экспозициясы

Ресей мен Қазақстан өңірлерінен жеткізілген 18 техника 26-27 қараша күні Уфадағы Күрес сарайының алдындағы өңірлердің машинажасау кешені экспозициясында жұрт назарына ұсынылады. Көрме екі елдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылып, іс-шараның ең жарқын әшекейлерінің бірі болады.

Фото: Башқұрт өндірушісі «РБ Моторс» ұсынған «Athlete» макси-квадроциклі

Мысалы, 65 жасқа дейінгі және одан асқан кез келген баланың есін алатын «Athlete» квадроциклі. Тоқтаусыз жұмыс істейтін 109 ат күшіне ие, миллион км жүре алатын Toyota 1NZ-FE қозғалтқышы, толық жетек және аса ірі төмен қысымды шиналар. Жыл өткен сайын «Athlete» маркасы республикадағы ғана емес, одан тыс тұратын аңшылар мен балықшылар арасында танымал болып келеді. Айтпақшы, өнімнің біраз бөлігі Қазақстанға да жеткізіледі.
– Қазір кішкентай квадроцикл орнына үлкенін міну белең алып жатыр. Өйткені жүру мүмкіндігі мүлде басқаша. Соған байланысты қазір импорттық өнімдердің бағасы шарықтап кетті. Қымбаттап қана қоймай, нарықтан кетті, сондықтан бүгінде біздің баға бәсекеге қабілетті болып отыр, – деді Уфадағы өндіруші компания «РБ Моторс» ЖШҰ басшысы Андрей Островский.

Фото: «Завод СтропКомплект» (Белорецк) ұсынған ПДМ-7д АТАЧ тиеу-жеткізу машинасы

Белорецкіде жасалған ПДМ «Атач-7» тиеу-жеткізу машинасы шетелдік санкциялардың ауыр тегістегіші үстінен жүріп өткендей көрінеді. Шын мәнінде техниканың аласа профилі кіші кесімді жерасты шахталарында жұмыс істеу үшін жасалған. «Атач-7» жай қажет дүние емес, ол қазіргі жағдайда аса қажет, өйткені бұрын Ресейде пайдалы қазба өндіру саласында қолданылатын осы типтес кіші габаритті машиналардың 90%-ы импорттық брендтердің өнімі болатын.

Ишимбайдағы «Витязь» зауыты ұсынған ДТ-3П қосбуынды шынжыр табанды транспортері, Нефтекамскіде жасалған едені төмен НЕФАЗ-5299-30-57 қала автобусы, Туймазыдағы «Ценпист» ЖШҰ кәсіпорны шығарған КАМАЗ шассиіндегі ППП 38-120 өрт сөндіру көтергіші, «Уфимский компрессорный завод» ЖШҰ құрастырған дәл сол шассидегі компрессорлық құрылғы – бұл Башқұртстан атынан өнім ұсынатын көрме қатысушыларының толық тізімі емес. Демек, республика бал мен мұнайға ғана бай емес. Онда дарынды инженерлер, жобалаушылар және шеберлер көп.

Фото: Ростсельмаш 2400 тракторы (Ростов-на-Дону, «Агроцентр»)

Ресей өндірушілерінің де техникасы болады. Мысалы, сырттай марста жүретін көлікке ұқсайтын Ростсельмаш 2400 тракторы немесе өз бетінше қозғалатын көп функциялы СЭМ-4ГСТ энергетикалық машинасы – функциялары аса көп шынжыр табанды платформа. Барнаулдан сұйық тыңайтқыш себуге арналған ауылшаруашылық агрегаты – ликвилайзер келеді. Брянск қаласынан көрмеге сырт пішімі айрықша БТЗ-254 тракторы қатысады. Экспонаттар тізімі мұнымен бітпейді.

АвтоВАЗ өнімдері көрмеге келген кісілердің назарынан тыс қалмайтынына күмән жоқ. Онда кем дегенде екі модель: LADA Vesta SW Cross және Lada Granta болады. Дәл не көретініміз белгісіз, өйткені Тольяттидегі мамандар өнімдерін жақсарту процесін жалғастырып жатыр. Жуырда ассортиментке Гранта бояуының тағы бір түрі – «Капитан» көк металлик түсі қосылды және зауыт сол модельге негізделген жаңа ұзын универсал жасап жатыр деген сыбыс бар.

Техника өте көп болатыны белгілі болса да, Башқұртстан шетте қалып қоймай, авиациядан жол талғамайтын коммерциялық техникаға дейінгі сан салада әлеуеті жоғары көрнекі серіктес болып көрінеді. 26-27 қарашада Уфадағы Күрес сарайына жақын жерде ашылатын ірі габаритті машинажасау техникасының экспозициясына ең болмаса осыған көз жеткізу үшін баруға болады.
Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.

Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.

Толық ақпарат алда болатын Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайтында: https://russia-and-kazakhstan-forum.com/

Мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://reg.russia-and-kazakhstan-forum.com/person
2024-11-21 19:57