Башқұртстан мен Қазақстанның арасында ұзақ жылдарға созылған мәдени байланыс бар
Башқұртстан мен Қазақстанның табиғаты, мәдениеті және салт-дәстүрінде ұқсас тұстар көп. Башқұртстан мен Қазақстанды мекен еткен халықтарды жылдан жылға нығайып келе жатқан іскерлік және мәдени байланыспен ұштасқан тамыры терең достық байланыстырады.
БР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі соңғы төрт жылдың өзінде осы өңір мен көрші ел мәдени ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойғанын хабарлады. 2021 жылдың мамырында «Музей истории города Уфы» МБМ мен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы (Атырау облысы) өзара әрекеттестік жөнінде мерзімсіз келісім жасады.
2022 жылы наурызда соған ұқсас құжатқа Башқұртстан Республикасының Ұлттық музейі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қол қойды. 2022 жылдың тамызында Башқұртстан Республикасының А.-З Валиди атындағы Ұлттық ктіпаханасы мен Қазақстан Республикасы Архив және спорт істері жөніндегі комитетіне қарасты "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы" арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум күшіне енді. Сонымен қатар Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (ҚР) мен БР Ұлттық музейі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2022 жылы қазан айында Сибай концерт-театр бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Қостанай қаласындағы «Азатлык» Башқұрт этномәдени бірлестігі» өзара келісім жасады. Ал биыл наурызда Ұлттық өнер республикалық орталығы мен Ақтөбе облысы Ұлттық өнер орталығы мәдени әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Мұндай келісімдердің нәтижесінде өзара мәдениетті байыта түсуге бағытталған шаралар өтіп жатыр. Олардың қатарында "Ұлы дала: Кеңістік. Уақыт. Мәдениет" көрмесі бар, ол 2022 жылы наурызда «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесі жобасының аясында және Башқұртстандағы екінші АРТ-Құрылтайға орай өтті.
Дәл сол жылы тамызда 2022 жылға жоспарланған шетелдегі архивтер мен қорларда іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасы іс-шарасының кешенді жоспары аясында БР Ұлттық музейіне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығынан" Қазақстан және Башқұртстан тарихымен байланысты кітаптарды анықтап, зерттеу үшін мамандар келді.
Өз кезегінде Туймазы мемлекеттік татар драма театрының ұжымы 2022 жылдың 20-23 қарашасында Ақтау қаласында өткен «Abish Alemi» екінші Халықаралық театр фестивалінде Ильгиз Зайниевтің пьесасы бойынша «Дом Бургана» драмасын ұсынды.
Сол күндері Башқұрт мемлекеттік қуыршақ театры «Гадкий утёнок» спектаклімен Ақтөбе қаласында болған Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне қатысты.