– Экспозиция екі елдің дәстүрлі кәсібі мен қолөнерін қолдауға, дамытуға, насихаттауға, сонымен қатар әр өңірдегі қолөнер қауымдастықтары арасында мәдени тәжірибе алмасуға және кооперацияға бағытталған. Іс-шара ұлттық қолөнер кәсібін дәріптеу және қолдау үшін қолөнершілердің, мәдени ұйымдар мен коммерциялық компаниялардың күш біріктіруіне мүмкіндік береді деп үміттенеміз, – деді Башқұртстан Республикасы Туризмді дамыту АКЕҰ директоры Руслан Юнусов.