26-27 қарашада Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысушылар панельдік сессиялар арасындағы үзілісте зерікпейді, олар үшін Уфадағы күрес сарайының дәл алдында екі ел өңірлерінің ұлттық көркемөнер көрмесі ашылады. Бұл тұрақты экспозиция емес, ұйымдастырушылар үйренуге және көңіл көтеруге арналған бірқатар науқан жоспарлап қойды, оның ішінде башқұрт халқының классикалық мамық шәлісін тоқып, қыштан, былғарыдан, қайыстан бұйым жасауды үйрететін шеберлік сағаттары мен иіру бойынша шеберлік шоуы бар.
– Экспозиция екі елдің дәстүрлі кәсібі мен қолөнерін қолдауға, дамытуға, насихаттауға, сонымен қатар әр өңірдегі қолөнер қауымдастықтары арасында мәдени тәжірибе алмасуға және кооперацияға бағытталған. Іс-шара ұлттық қолөнер кәсібін дәріптеу және қолдау үшін қолөнершілердің, мәдени ұйымдар мен коммерциялық компаниялардың күш біріктіруіне мүмкіндік береді деп үміттенеміз, – деді Башқұртстан Республикасы Туризмді дамыту АКЕҰ директоры Руслан Юнусов.
Көрме Қазақстаннан келген қонақтардан бөлек Ресейдің басқа өңірлерінен келген қатысушыларды да күтеді. Марий Эл Республикасы дәстүрлі кестесі бар тоқыма заттарын, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын, Саратов облысы қыш, ағаштан оюлап жасалған заттарын, әшекейлі ыдыстарын, Орынбор облысы жүн орамалдары мен шәлісін ұсынады, ал Мәскеу дәстүрлі татымнан өнімдерін, ұлттық кәдесыйлары мен шайын алып келеді деп күтіледі. Шеберлердің басым бөлігі Башқұртстан Республикасы атынан қатысады. Іс-шарада бірден 25 қатысушы болатыны хабарланды, олар көрмеге келген кісілерге ұлттық киім мен әшекейлерін, киіз және былғарыдан жасалған бұйымдарын, музыкалық аспаптарын, қыш, бал, чак-чак т.б. көрсетеді.
Көрмеге қатысушылар шеберлігін паш етіп, қолдан жасалған бұйымдарын жұрт назарына ұсынады, ал қонақтар түрлі өңір мен елдердің ұлттық көркемөнер кәсібінің ерекшеліктері туралы көбірек біле алады. Қолдан жасалған бірегей тауарлардың бәрін дерлік кәдесый ретінде сатып

Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.
Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.
Толық ақпарат алда болатын Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайтында: https://russia-and-kazakhstan-forum.com/
Мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://reg.russia-and-kazakhstan-forum.com/person