Жаңалықтар

Уфада Ресей-Қазақстан форумы өтеді

Іс-шаралар өтетін күн:
2024 жылдың 26-27 қарашасы

Башқұртстан Республикасының Уфа қаласында Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар ретінде Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі, Башқұртстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аталады.

Форум екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. Дәстүрлі түрде оған бизнес, ғылыми және қоғамдық орта өкілдері, министрлік басшылары, Ресей Федерациясы субъектілерінің басшылары мен Қазақстан Республикасы облыстарының басшылары қатысады. 3500-ден астам қатысады деп күтілуде.

Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров атап өткендей, Қазақстан Ресей аймағының негізгі серіктестерінің бірі саналады. Башқұрт-қазақ арасындағы қарым-қатынастың сан ғасырлық тарихы бар, ал ортақ этникалық байланыстардың тамыры терең. Бүгін екі республика парламентаралық, іскерлік байланыстарын, сонымен қатар инвестициялық жобаларын белсенді дамытып жатыр.

– Біз Қазақстанның қалай қарқынды дамып келе жатқанын қуана бақылап отырмыз. Арамыздағы жылдық айналым 500 млн долларға жақындап қалды және оның арту мүмкіндігі аса жоғары. Жақын болашақта оны іске асыруға күш саламыз. Бұл ретте өнеркәсіп кооперациясы бағытында белсенді іс атқару маңызды. Біз Қазақстанда өндіріс орындарын ашып жатқан Башқұртстан кәсіпорындарының саны артқанын көріп отырмыз, – деді Радий Хабиров.

Қатысушыларды мазмұнды іскерлік және мәдени бағдарлама күтеді. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперацияларының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді.

Форумның іскерлік бағдарламасы сыртта жалғасқанда негізгі алаң алдында Ресей мен Қазақстан өңірлерінің ірі көлемді машинажасау техникасының экспозициясы қойылады. Өңірлер және кәсіпорындар Ресей мен Қазақстанның халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде өз жетістіктерін, сонымен қатар халық-көркемөнер кәсіптерін көрсете алады.

В2В-кездесулер алаңы аясында кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары үшін ықтимал іскерлік серкітестермен, Башқұртстанның инвестициялық әлеуетімен және Башқұртстан Республикасында бизнес ашу шарттарымен танысу мүмкіндігі жасалады.

Екі елдің жас көшбасшылары ортақ бастамалар көтеріп, тәжірибе алмасу үшін 300 адам бас қосатын "Жастар кәсібі: тәжірибе алмасу және серіктестіктің болашағы" форумына қатыса алады.

Ірі мәдени шаралардың бірі Ресей мен Қазақстанның үздік дизайнерлері туындыларын паш ететін сән көрсетілімі болады. Олар ұлттық әрі заманауи дизайнда жасалған киім топтамаларын жұрт назарына ұсыну арқылы жеңіл өнеркәсіптің жетістігін көрсетеді.

Гастрономиялық фестивальде Форум қонақтары Ресей, Қазақстан және Башқұртстан халықтарының дәстүрлі және авторлық тағамдарынан дәм тата алады.

Музыканы жақсы көретіндер үшін Ресей мен Қазақстанның әр аймағынан келген әртістер өнер көрсететін "Халықтар достығының дауысы" фестивалі өтеді.

Оқиғаның ресми сайты russia-and-kazakhstan-forum.com арқылы тіркелу керек.
2024-11-08 18:26