Жаңалықтар

Ресей-Қазақстан форумы жаңа кооперацияларға арналған алаңға айналады.

Уфада өтетін Ресей мен Қазақстанның мерейтойлық XX өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдегі компаниялар арасында жаңа кооперациялар құруға арналады. Бұл жөнінде РФ экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач айтты. Ол қазір импортты алмастыру бағдарламасын іске асырып жатқан әлеуеті жоғары компанияларды қолдау шараларын қолға алу бойынша үлкен бэкграунд жиналғанын атап өтті. Қазақстан да сондай тәжірибе жинады. Қазір екі елдің өнеркәсіп кооперациясын қолдаудың аралас шараларына қызығушылық бар.
– Біз Қазақстандағы инвестициялық орталықтар қалай дамып жатқанын қарап, бір-бірімізден үйреніп отырмыз. Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржылай қолдауға қаражат бөлу механизмін құрдық, – деді спикер.
Дмитрий Вольвачтың сөзінше Ресей-Қазақстан форумының негізгі мақсаты – екі ел арасында жаңа әріптестік қарым-қатынас орнату. Форум бизнес-кездесулер өткізіп, жаңа келісімдер жасауға арналған маңызды алаңға айналады.
Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.

Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.

Толық ақпарат алда болатын Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайтында: https://russia-and-kazakhstan-forum.com/
2024-11-20 22:02