Жаңалықтар

Дәурен Абаев: "Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы рекордтық 27 миллиардқа жетті"

Былтырғы нәтиже бойынша Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы рекордтық 27 миллиард межесінен асып кетті. Бұл туралы Ресей мен Қазақстанның мерейтойлық өңіраралық ынтымақтастық форумына арналған ТАСС баспасөз конференциясында Қазақстанның Ресейдегі жедел және уәкілетті елшісі Дәурен Абаев айтты. Форум 26 және 27 қарашада Уфада өтеді.
– Қазақстан мен Ресейдің әсіресе, өнеркәсіптік кооперациядағы, сауда-экономика, инвестиция саласындағы өзара қызметі тұрақты түрде өсіп келеді. Былтыр ол 27 миллиард құрайтын рекордтық нәтиже көрсетті. 9 айдағы көрсеткіш былтырғы нәтижемен шамалас. Шетелдік 42 мың кәсіпорынның тең жартысы Ресей Федерациясының компаниялары екені осының көрсеткіші, – деді Дәурен Абаев.
Елші Қазақстан мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қатынасы жалпы тиімділігіне өңіраралық және шекарамаңы байланыстар айтарлықтай ықпал ететін жүйелі процесс саналатынын хабарлады.
– Қазір екіжақты қарым-қатынас процесіне Қазақстанның 20 өңірі мен Ресей Федерациясының 76 субъектісі етене араласып жатыр, – деп атап өтті Абаев мырза.
Экономикадан мәдениетке дейінгі сан саланы бірге дамытудың мысалы ретінде саясаткер Башқұртстан Республикасымен ынтымақтастықты тілге тиек етті.
– Біз өңіраралық байланыс ұлғайып келе жатқанына қуаныштымыз. Қазақстанда биыл Ресей өңірлерінен 6 делегация келді, сәйкесінше,
Қазақстандағы 4 облыс әкімі Ресей Федерациясына барып қайтты, – деді елші.
Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.

Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.

Толық ақпарат алда болатын Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайтында: https://russia-and-kazakhstan-forum.com/

Мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://reg.russia-and-kazakhstan-forum.com/person
Made on
Tilda