Жаңалықтар

"Башқұртстан – бизнесті дамыту бойынша Ресейдегі көшбасшылардың бірі" – Дмитрий Вольвач

"Башқұртстан – бизнесті дамыту бойынша Ресейдегі көшбасшылардың бірі" – Дмитрий Вольвач
Неге федералды орталық осындай деңгейдегі іс-шаралар өткізуді Уфаға сеніп тапсырады? Алда өтетін Ресей мен Қазаұстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумына арналған ТАСС баспасөз конференциясына қатысушыларға осындай сұрақ қойылды.
РФ экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач тілші сұрағына "Ресей Президенті Владимир Путин айтқандай, екі маңызды сөз – сүйіспеншілік және сенім", – деп жауап берді. – Бұл расымен жауапкершілік пен кәсіби біліктің аса жоғары деңгейі. Башқұртстанда қолдау шаралары артып, инвестиция үшін өте қолайлы орта қалыптасып келеді. Ресей және шетел кәсіпорындары үшін барлық жағдай: инфрақұрылым, жеңілдіктер, нарыққа шығу мүмкіндігі жасалып жатыр.
Дмитрий Валерьевич бұл жерде команданың кәсіби біліктілігі, айрықша экономикалық аймақтың әкімшілігі мен басқарушы компанияның көмек беріп, бизнесті дамытуға ықпал етуге қаншалықты дайын екені өте маңызды деп атап өтті. Бұл ретте Башқұртстан бизнесті дамытып, инвестиция тартуға ықпал ету жағынан көшбасшылардың бірі саналады.
– Осымен айналысуға деген ниет те маңызды, – деді Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров. – Сыртқы экономикалық қызмет – экономиканы дамытудың аса маңызды шарты екенін түсінеміз. Нарыққа шықпасаң, экономика алға жылжымайды. Форум өткізіп, шетелден әріптестерді шақыру – осы процестің маңызды бөлігі.
Радий Фаритович экономикалық мүддеден басқа башқұрт және қазақ халықтарын көп нәрсе, атап айтқанда, тарих, дін, тіл және салт-дәстүр байланыстыратынын атап өтті. Бұл ынтымақтастық бағыттары сыртқы экономикалық бағытты толықтырады.
– Біз қазақтарды өз бауырымыздай көреміз. Олар бізді қызықтырады, біз де оларды қызықтырамыз. Әрі қарай да солай болады деп үміттенеміз, – деді БР басшысы.
Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.

Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.

Толық ақпарат алда болатын Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайтында: https://russia-and-kazakhstan-forum.com/

Мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://reg.russia-and-kazakhstan-forum.com/person
2024-11-20 21:40