26-27 қарашада Уфада өтетін Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумына тіркелу жалғасып жатыр.
Тіркелу оңай, ол үшін https://russia-and-kazakhstan-forum.com сілтемесі арқылы өтіп, дерек жазу жеткілікті. Сонымен қатар БАҚ өкілдері осы сілтеме арқылы бөлек тіркеле алады.
Бүгін колл-орталық берген мәлімет бойынша форумға 875 адам және 200 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. 3,5 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.
Форумға тек іскерлік кездесулерге қатысып, бизнес-байланыс орнату үшін ғана емес, халқының қонақжайлығы мен көз тоймайтын көркем табиғаты ұштасқан Ресейдің ең әсем өңірлерінің бірін көру үшін де бару керек.
Биыл 450 жылдығын атап өткен башқұрт астанасы қонақтарын таңғалдыра алады. Мұнда заманға сай сәулет өнері өткен ғасырларда бой көтерген тарихи және мәдени ескерткіштермен әдемі үйлесіп тұр. Баға жетпес жәдігерлер сақталатын көптеген музейге барып, осы өлкенің тарихымен жақын танысуға болады. Мысалы, археология және этнография музейінде б.з.д. IV ғасырда Филипп қорғандарында жасалған бірегей алтын бұйымдар ("Сарматтардың алтыны" экспозициясы) бар.
Форум аясында Ресей және Қазақстан халықтарының дәмі тіл үйіретін тағамдарынан дәм татуға болатын гастрофестиваль өтеді. Одан бөлек екі елден келген сәнгерлер дизайнерлік туындыларын көпшілікке паш ететін сән көрсетілімі болады. Көркем өнерді бағалаушылар "Халықтар достығының дауысы" фестивалінде әртістердің өнерін тамашалай алады.

Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.
Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.