Ресей және Қазақстан өңірлерінен жиналған 150-ден аса кәсіпкер жас көшбасшылар форумына қатысады.
Жас көшбасшылардың "Ресей мен Қазақстандағы жастар кәсібі: тәжірибе алмасу және серіктестіктің болашағы" форумына қатысушылар мен қонақтарды түрлі оқиғаға толы іскерлік және мәдени бағдарлама күтеді. Іс-шара 2024 жылы 26-27 қарашада Уфада болатын Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында жоспарланған.
Фото: БР Мемлекеттік жастар комитеті
Жастар форумында Ресей және Қазақстан өңірлеріндегі сыртқы экономикалық қызмет саласында еңбек етіп жатқан 150 кәсіпкер мен маман бас қосады. Жас көшбасшылар форумы екі елдің басшылары 2023 жылы қарашада бекіткен Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының 2024-2026 жылдардағы бірлескен іс-қимыл жоспарына қосылған. Оны Жастар ісі жөніндегі федералды агенттік пен Башқұртстанның Жастар саясаты жөніндегі мемлекеттік комитеті ұйымдастырады.
Іскерлік бағдарлама аясында Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті және Ресей экспорт орталығы серіктес болады.
Фото: БР Мемлекеттік жастар комитеті
Форум бағдарламасында негізінен 2024 жылы бизнес құруда жас кәсіпкерлердің құндылық бағыттары мен әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері көтерілетін Пленарлық сессия жоспарланған. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындары тарапынан жастар кәсібін дамыту, бизнес-жобалардың ауқымын кеңейту механикалары және Еуразия кеңістігінде бизнесті дамыту мәселелері бойынша панельдік пікірсайыстар болады.
Фото: БР Мемлекеттік жастар комитеті
Ресей мен Қазақстан арасында жастар бизнесін дамыту бойынша нақты шаралар мен ұсыныстар жасауға бағытталған Стратегиялық сессияға ерекше мән беру жоспарда бар. Топтағы қатысушылар екі елдегі жас кәсіпкерлердің өзара түйісу нүктесін, олардың арасындағы ынтымақтастыққа қатысты қандай сұраныстар барын және оларды қалай қанағаттандыруға болатынын, ол үшін қандай ресурстар керек екенін анықтайды. Стратегиялық сессия нәтижесінде Ресей мен Қазақстанның жас кәсіпкерлері арасындағы өзара қарым-қатынасты әртараптандыру бойынша нақты қадамдар мен бастамалардың жол картасы құрылады.
Фото: БР Мемлекеттік жастар комитеті
Жастар үшін іскерлік күн тәртібінен тыс белсенді шаралар дайындалып жатыр. Еуразиялық ҒБО жоғарғы оқу орындары арасындағы студенттік кампуста экскурсия өткізу жоспарда бар. Жас кәсіпкерлер білдек жасайтын кәсіпорындардың біріндегі цехтарды аралап, «Уфимский» индустриялық паркі резиденттерінің жұмысымен танысады, Уфа трамвай-троллейбус зауытына барады. Бөлек бағдарлама бойынша Ресей-қазақ форумының қатысушылары мен қонақтарын күтіп алуға башқұрт астанасындағы «Йәшлек House», «АртКвадрат» жастар кеңістіктері, «Matur» мультизертханасы, Республикалық жастар психологиялық орталығы дайындалып жатыр.
Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.
Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.