Жаңалықтар

Радий Хабиров: Ресей мен Қазақстан өңірлерінің форумы – шатыр секілді құрал

Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров 26 және 27 қарашада Уфада өтетін Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумына арналған ТАСС баспасөз конференциясын ашты.
- Форум – Ресей өңірлерінің Қазақстан өңірлерімен өзара қарым-қатынас құруына жәрдем беретін шатыр секілді құрал, – деп атап өтті Радий Хабиров.
– Ол өнімді ілгерілетуді қамтамасыз етуге, қатысушылардың серіктес кәсіпорындармен берік кооперация құруына көмектесуге бағытталған. Бұл әріптестерде бар дүниеге баға беріп, келіссөз үстеліне отыру, жаңа келісімдер жасау мүмкіндігі.
Форумның бағдарламасы туралы баяндай келе Радий Хабиров онда болатын ең маңызды оқиға – Ресей және Қазақстан басшылары онлайн режимде қатысатын пленарлық отырыс туралы сөз қозғады. Басқа маңызды шаралар – іскерлік кеңестің дәстүрлі отырысы, жас кәсіпкерлер форумы, халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі.

Қазіргі сәтте форумға қатысуға 409 адам ниет білдірген және бұл сан әлі өсу үстінде. Ресей атынан 25 өңірден жиналған делегация қатысады, ішінде елдегі тоғыз субъектінің басшылары болады. Қазақстан делегациясы құрылып жатыр.

Форумның іс-шаралары Уфадағы жаңа объект – Күрес сарайында өтеді. Мұның да өз мәні бар: Қазақстанда күрес жақсы дамыған және ел делегациясы бұл ғимаратқа тиісінше баға беруі керек. Күрес сарайы пленарлық отырыстар мен B2B кездесулер өткізу үшін кәдімгідей сыйымды және жайлы. Соңғысына 200-ден аса адам қатысуды қалап отыр.
– Біз форумды осында өткізу туралы өтінішпен Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан өкілдеріне жүгіндік. Шешім ол екі жыл бұрын өткен Орынборда қабылданған болатын, – деді республика басшысы. – Біз тыңғылықты дайындалдық және бәрі ойдағыдай өтеді деп үміттенеміз.
Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.

Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.

Толық ақпарат алда болатын Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайтында: https://russia-and-kazakhstan-forum.com/

Мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://reg.russia-and-kazakhstan-forum.com/person
Made on
Tilda