Тұратын жер
Мейманхана
Nesterov Plaza қонақ үйі — туристік саяхат та, іскерлік сапар да жайлы өту үшін мінсіз жер. Ол қаланың қақ ортасында орналасқан.

20 150 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы таңғы ас пен бір тәулік тұруды қамтиды

Уфа қ-сы, Верхнеторговая алаңы, 2
+7 (937) 158‐ 55‐ 23, +7 (347) 216‐ 47‐ 56
Қонақ үй
«Агидель» қонақ үйі Уфаның мәдени орталығында орналасқан, ұлттық театрлар, үкіметтік мекемелер, шағын бақтар мен саябақтар, негізгі көрнекі жерлердің бәріне жаяу баруға болады. Ал жолдан өтсеңіз, серуендеп, тынығуға болатын керемет жер – композитор Загир Исмагилов ескерткіші мен "Жеті қыз" субұрқағы тұрған шағын баққа жетесіз.

4 200 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы таңғы ас пен бір тәулік тұруды қамтиды
* таңғы астың бағасы = адам басына 650 руб.

Уфа қ-сы, Ленин 16
+7 347 268-00-08, +7 347 268-69-00

Мейманхана
HILTON GARDEN INN
Қаланың тарихи орталығында, іскерлік ауданнан 10 минуттық жерде орналасқан. Маңында көптеген кафе, таңдаулы ресторандар, дүкендер және көңіл көтеретін орындар бар. Салават Юлаев ескерткішіне, Конгресс Холға және ХШЖК Көрме кешеніне оңай жете аласыз.

25 800 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы таңғы ас пен бір тәулік тұруды қамтиды

Уфа қ-сы, Аксаков 4
+7 (347) 293-90-00
Мейманхана
Hampton by Hilton Ufa мейманханасы Уфаның орталығында, «Уфа-Арена» спорт алаңынан 5 минуттық жерде орналасқан. Қонақтар фитнес-орталық, тәулік бойы істейтін тіркеу үстелшесін, лаундж, Wi-Fi және тегін тұрақты пайдалана алады.

16 000 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы таңғы ас пен бір тәулік тұруды қамтиды

Уфа қ-сы, 50 лет Октября 17

+7 347 226-06-26
Қонақ үй
Қонақжайлық атмосферасы Сіздер үшін жақсы демалып, жұмыс істеуге арналған жайлы әрі қолайлы бөлмелер ұсынылады.

Орталыққа өте жақын орналасқан

5 600 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы таңғы ас пен бір тәулік тұруды қамтиды

Уфа қ-сы, Гоголь к-сі, 72

+7 (347) 200-81-11
Қонақ үй кешені
«Президент Отель» қонақ үйі өзен жанындағы қарағай орманында орналасқан, бұл жай ғана өзен жағасындағы қонақ үй емес, Белая және Уфа өзендерінің тоғысқан жеріндегі қонақ үй. Ол биік тұрғандықтан, терезеден жан-жағын орман қоршаған қос өзеннің керемет көрінісін тамашалауға болады. «Президент Отель» қонақ үйінен осындай көркемдікті көру шабыт беріп, жан рақатын сыйлайды.

13 300 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы таңғы ас пен бір тәулік тұруды қамтиды. Таңғы ас = адам басына 960 руб.

Уфа қ-сы, Аврора к-сі 2

+7 (347) 293-60-66
Қонақ үй
Азимут Сити
AZIMUT Сити Отель Уфа — башқұрт астанасының географиялық орталығында бой көтерген заманауи бизнес-мейманхана. Орталық мәдениет және демалыс саябағына, Уфа қалалық планетарийіне, Мемлекеттік академиялық орыс драма театрына, Уфа қалалық округінің әкімшілігіне жаяу баруға болады.

15 000 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы таңғы ас пен бір тәулік тұруды қамтиды.

Уфа қ-сы, Проспект Октября к-сі 81
Қонақ үй
Иремель мейманханасы 2009 жылы ашылған. Қонақ үйді заманауи стиль және дәстүрлі қонақжайлық деп сипаттауға болады. Қонақтар бөлмелердің ықшам, заманға сай дизайнын, жеке қызмет көрсетуді, демалу мен жұмысқа арналған қызметтердің толық жинағын бағалады.

9 150 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы таңғы ас пен бір тәулік тұруды қамтиды.

Уфа қ-сы, Менделеев к-сі 141/2

+7 (347) 279-87-31
Қонақ үй
АМАКС Сити-отель Уфа ресейлік ең ірі қонақ үй және курорт желілерінің бірі AMAKS Hotels & Resorts құрамына кіреді. Қызмет көрсетудің бірыңғай корпоративтік стандарттары, жайлы бөлмелер, ойын-сауық қызметтерінің кең ауқымы, ыңғайлы орналасуы және қолжетімді бағасы мейманхананың басты артықшылықтарының бірі саналады.

2 600 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы таңғы ас пен бір тәулік тұруды қамтиды.

Уфа қ-сы, Зорге к-сі 17

+7 (347) 292-76-06
Шипажай
3 500 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы жатын орын мен бір тәулік тұруды қамтиды
*таңғы астың бағасы = адам басына 800 рубль

Уфа қ-сы, Менделеев к-сі, 136/5

+7 (347) 225-25-30
Шипажай
1 800 РУБЛЬДЕН БАСТАЛАДЫ
*бағасы таңғы ассыз, жатын орын мен бір тәулік тұруды қамтиды

Уфа қ-сы, Аврора к-сі 14/1

+7 (347) 225-19-17